Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Колумбияда болған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің президенті Абелардо де ла Эсприэльяға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Президент қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, ауыр қазаға байланысты сабыр тіледі.
Президент жеделхатында із-түссіз жоғалған адамдардың тезірек отбасыларына аман-есен оралуына тілектестігін жеткізді.
