Алматының Бостандық ауданында Центральная көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қай учаске жабылады?
Қала әкімдігінің мәліметінше, 11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Центральная көшесінің Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі бөлігі толықтай жабылады.
Осы кезеңде аталған учаскеде көлік қозғалысы жүзеге асырылмайды.
Жүргізушілерге бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылды
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орналастырылады.
Қала әкімдігі жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрады.
Көлік қозғалысына қатысты өзекті ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланып отырады, — делінген хабарламада.
