Басты бет / Жаңалықтар /
алимент
Фото: Depositphotos.com

Астанада 5 млн теңгеге жуық алимент төлемеген ер адам тағы сотталды

Астанада бұрынғы жұбайының арызынан кейін алимент төлеуден жалтарған ер адам қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның алимент бойынша берешегі 5 млн теңгеге жуық болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Борышкер бұрын да сотталған

Прокуратураның мәліметінше, елорда тұрғынының бұрынғы жұбайы Сарыарқа ауданы прокуратурасына оны Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша жауапқа тарту туралы арызбен жүгінген.

Ведомствоның хабарлауынша, борышкер 2025 жылы да алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Соған қарамастан, ол алимент төлеу міндетін орындамаған. Нәтижесінде оның берешегі шамамен 5 миллион теңгеге жеткен.

Сот бір жылға бас бостандығын шектеді

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот оның үстінен пробациялық бақылау белгіледі.

Прокуратураның мәліметінше, сот үкімі заңды күшіне енді. Ведомство алимент төлеуден жалтару балалардың құқықтарын бұзатынын және мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook