Басты бет / Жаңалықтар /
ит, қаңғыбас иттер, көше иті
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жолда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады

Қала әкімдігінің мәліметінше, 11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін Жандосов көшесінің қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі бөлігінде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Бұл кезеңде жол толық жабылмайды, көлік қозғалысы уақытша өзгертілген сызба бойынша жүзеге асады.

Жүргізушілерге ескерту жасалды

Әкімдік жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін сақтауды және уақытша орнатылған жол белгілерінің талаптарын орындауды сұрады.

Сонымен қатар жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттікке байланысты өзгеруі мүмкін екені ескертілді. Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы өзекті ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қолданбаларында жарияланып отырады, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok