Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастауыш кластарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталғаннан кейін енгізілетін жаңа өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Диктант, мазмұндама және бақылау жұмыстары қайта енгізіледі
Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдер оқушылардың дәптерлерін бұрынғыдай тексеріп, бағалайтын болады. Сонымен қатар бастауыш кластарда:
- қазақ тілінен диктант, мазмұндама және шығарма;
- шығармашылық жұмыстар;
- математикадан бақылау жұмыстары қайта енгізіледі.
Енді оқушының дәптеріне де жеке баға қойылады. Балалар тапсырмаларды бұрынғыдай жеке парақтарға емес, дәптерге орындайды, ал мұғалім сол дәптерді тексеріп, бағалайды.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазір бұл бағалау түрлеріне арналған нақты критерийлер әзірленіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұғалімдердің жүктемесін азайту үшін модерация алынып тасталады
Бағалау критерийлерін әзірлеумен Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында құрылып жатқан жаңа арнайы бөлім айналысады. Бұл – академиядағы жаңа құрылым.
Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап бастауыш кластардағы бағалау жүйесінен модерация ұғымы алынып тасталады.
Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бұл шешім мұғалімдердің жұмыс жүктемесін азайту мақсатында қабылданған. Министр бұрын модерацияның көп жағдайда формалды түрде жүргізіліп, педагогтарға қосымша салмақ түсіргенін атап өтті.
Тағы оқыңыз:
Қазақстан мектептеріндегі екі пән атауы өзгереді: оқушылар жасанды интеллектіні меңгереді
Мектеп формасына қандай талап қойылады? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
