Басты бет / Жаңалықтар /
ауежай, саяхат, ұшақ, сапар, рейс
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Анталия – Астана рейсінде мас жолаушы жанжал шығарды

Анталия – Астана бағытындағы рейсте жанжал шығарып, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған жолаушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мас жолаушы ұшақта тәртіп бұзған

Polisia.kz мәліметінше, оқиға ұшақ Астана әуежайына қонбай тұрып болған. Мәлімет бойынша, мас күйдегі жолаушы агрессивті мінез көрсетіп, балағат сөздер айтып, басқа жолаушыларға кедергі келтірген.

Әуе кемесі елорда әуежайына қонғаннан кейін тәртіп бұзушы көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Тексеру барысында оның Астананың 44 жастағы тұрғыны екені анықталған, — делінген хабарламада.

Полицияға бағынбағаны үшін қол кісен салынды

Полицияның мәліметінше, ер адам полиция бөлмесіне жеткізілген кезде де қызметкерлердің заңды талаптарын орындаудан бас тартып, қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты тәртіп сақшылары оған қол кісенін қолдануға мәжбүр болған.

Тексеру қорытындысы бойынша ер адам:

  • қоғамдық орында мас күйде болғаны;
  • ұсақ бұзақылық жасағаны;
  • полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот оны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Көліктегі полиция департаменті әуе кемесінің бортындағы тәртіп барлық жолаушы мен экипаждың қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін ескертіп, ұшу қауіпсіздігі әр жолаушының жауапты әрекетіне де байланысты екенін атап өтті.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok