Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қоғамдық орында боқтап, полицияға бағынбаған ер адам 25 тәулікке қамалды

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған азамат 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Түнгі клуб маңында ұсталған

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бөрлі ауданының Ақсай қаласында болған.

Тәртіп сақшылары түнгі клубтардың бірінің маңында қоғамдық тәртіпті бұзған 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Полицияның хабарлауынша, ер адам қоғамдық орында балағат сөздер айтып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от policebqo (@policebqo)

Сот 25 тәулікке қамау туралы шешім шығарды

Ведомствоның мәліметінше, құқық бұзушының Әсет Кеңесов екені анықталған. Сот шешімімен ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram