Басты бет / Ауа райы /
ауа райы, жаңбыр, қолшатыр
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

11 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

2026 жылғы 11–13 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44°С-қа дейін көтеріледі.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен 11–13 тамыз аралығында еліміздің жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы және екпінді жел соғуы ықтимал.

11 тамызда қай өңірлерде жаңбыр жауады?

11 тамызда Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы болжанады.

Ал еліміздің орталығы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман болады.

Ауа температурасы

Күндізгі ауа температурасы:

  • батыста және орталықта – +27…+39°С;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте – +25…+35°С;
  • шығыс пен оңтүстік-шығыста – +30…+42°С;
  • оңтүстікте – +37…+44°С.

Осылайша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөліктерінде жаңбыр мен найзағай байқалуы мүмкін болса, оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram