Басты бет / Жаңалықтар /
демалыс орны, балалар алаңы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда бейнебақылауы бар жаңа қоғамдық демалыс орны ашылды

Алматының Түрксіб ауданындағы Спасская көшесі, 77 мекенжайында орналасқан аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жоба тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Аумақта балалар және спорт алаңдары салынды

Бұған дейін абаттандырылмаған аумақта балалар ойын алаңы мен спорт алаңы жабдықталды. Сонымен қатар:

  • ойын элементтері орнатылды;
  • воркаут алаңы жасақталды;
  • тұрғындардың демалуына арналған орындар салынды;
  • жабындар мен қоршаулар жаңартылды;
  • қауіпсіздік үшін бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Жоба маусым айында аяқталды

Абаттандыру жұмыстары 2026 жылғы маусым айында толық аяқталған.

Нәтижесінде аудан тұрғындары үшін отбасымен демалуға, спортпен шұғылдануға және бос уақытын тиімді өткізуге арналған жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram