Жамбыл облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде бірнеше рет балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған әйел психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әйел бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, TikTok-та «Золотая женщина» лақап атымен танылған Байзақ ауданының 41 жастағы тұрғыны Лайло Қасымова тікелей эфирлер барысында бірнеше мәрте бейәдеп сөздер қолданған.
Ведомствоның хабарлауынша, оған бірнеше рет ескерту жасалып, профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, әйел мұндай әрекеттерін тоқтатпаған. Сонымен қатар ол тікелей эфирлерде өзінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты да балағат сөздер айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Балалары әкесінің қарауына берілді
Полицияның мәліметінше, оқиғаға байланысты қорғаншылық және қамқоршылық органдары мен басқа да тиісті қызметтердің қатысуымен балалардың тұру және тәрбиелену жағдайына тексеру жүргізілген.
Қазір балалар әкесінің қарауына берілген.
Жедел медициналық жәрдем қызметі тексергеннен кейін Лайло Қасымова ем қабылдау үшін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылған.
