Басты бет / Жаңалықтар /
Ақылы жолдар
Фото Facebook-тегі "Дороги Казахстана" парақшасынан алынды

Қазақстандағы жаңа ақылы жолдармен 528 мыңнан астам көлік жүрген

Қазақстанда жақында ақылы режимге көшкен үш автожол учаскесімен бір ай ішінде 528 мыңнан астам көлік жүрген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ең көп көлік Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал бағытында жүрген

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, ең жоғары көлік ағыны «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» автожолында тіркелген.

Бір ай ішінде үш ақылы учаскедегі қозғалыс көлемі:

  • Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал – 290 мың көлік;
  • Талдықорған – Өскемен – 181 мың көлік;
  • Бұрылбайтал – Күрті – 58 мың көлік.

Ақылы жүйе шілде айында енгізілген

Еске салайық, «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» және «Бұрылбайтал – Күрті» жол учаскелерінде ақылы жүйе 10 шілдеден, ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастады.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, үш жаңа ақылы жолдың ішінде ең жоғары жүктеме Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал тасжолына түскен.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram