Басты бет / Жаңалықтар /
Арбат, халық, саруен, ауа райы, Қазақстан халқы
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Қазақстанда Абай есімді қанша әйел өмір сүреді? Статистика

Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрады. Ұлттық статистика бюросы ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай статистикалық мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Абай есімі қай өңірлерде жиі кездеседі?

Статистика бойынша, Абай есімді азаматтардың ең көбі:

  • Астана қаласында – 2 089 адам;
  • Түркістан облысында – 2 018 адам;
  • Алматы қаласында – 1 719 адам тұрады.

Сонымен қатар елдегі ең егде Абай есімді тұрғын 1932 жылы туған. Ал бұл есім ең көп таралған жас санаты – 30-34 жас. Осы топта 3 228 адам тіркелген. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 157 сәбиге Абай есімі қойылған.

Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Абай есімі тек ер адамдарға ғана емес, қыз балаларға да қойылған. Қазір Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген.

Ақынның шын есімі Ибраһим болғаны белгілі. Бүгінде елімізде Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімді 35 404 адам бар. Сонымен қатар ұлы ақынның құрметіне Қазақстанда бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауылға Абай есімі берілген.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook