Қырғызстанда 9 тамыз күні үш жер сілкінісі тіркелді. Елдің Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, ең күшті жерасты дүмпуінің магнитудасы 3,5 балға жеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ең күшті жер сілкінісі Баткен облысында болды
Алғашқы жер сілкінісі сағат 09:33-те Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында тіркелді. Оның ошағы Кочубаево ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы шамамен 3 балл болды. Кочубаево ауылында 2 балдық дүмпулер сезілген.
Екінші жер сілкінісі сағат 18:33-те болды. Оның магнитудасы 3,5 балға жеткен. Эпицентрі Баткен қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 126 шақырым жерде, Жар-Баши ауылының маңында орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметінше, Чак, Күлчү және Шибээ ауылдарында шамамен 2,5 балдық дүмпулер сезілген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ
Үшінші жер сілкінісі сағат 21:42-де Ош қаласынан 135 шақырым жердегі Нұра ауылы маңында тіркелді. Оның магнитудасы 3 балл болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкіністерінен зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.
