FlyArystan әуе компаниясы «Ақтау – Дубай – Ақтау» бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Рейстер 15 қыркүйекке дейін орындалмайды
Әуе компаниясының мәліметінше, шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған.
Осыған сәйкес, Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін орындалмайды.
Жолаушылар билет ақшасын толық қайтара алады
FlyArystan тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық көлемде қайтару мүмкіндігі берілетінін мәлімдеді. Ол үшін жолаушылар билетті сатып алған орнына жүгінуі қажет.
