Басты бет / Жаңалықтар /
Балалар үйі, өрт
Фото: ТЖМ

«Өртке себеп болуы мүмкін»: ТЖМ ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды. Бір розеткаға шамадан тыс жүктеме түсіру өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мамандар теледидар, электр жылытқыш, электр шәйнек, үтік сияқты қуаты жоғары құрылғыларды бір розеткаға немесе бір ұзартқышқа қатар қоспау керектігін ескертеді. Қуаты жоғары бірнеше электр құрылғысын бір уақытта пайдалану сымдардың қызып кетуіне және қысқа тұйықталуға әкелуі ықтимал.

ТЖМ өкілдері электр сымдарының жағдайын да үнемі тексеріп отыруға кеңес береді. Сымдар қатты қызса, күйік иісі сезілсе немесе электр құрылғысынан түтін шықса, оны бірден желіден ажыратып, қауіпсіз жерге шығу қажет.

Өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде азаматтар 112 нөміріне хабарласуы керек.

Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау электр құрылғыларынан тұтанатын өрттің алдын алуға және адам өмірін қорғауға көмектеседі.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram