Басты бет / Жаңалықтар /
оқушы, мектеп, сабақ
Фото: Нұрназар Әмзе

Енді оқушылардың денсаулығы цифрлық форматта бақылауға алынады

Қазақстанда мектеп оқушыларын медициналық тексеруден өткізу нәтижелері енді арнайы ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) мамандарына денсаулыққа төнуі мүмкін қауіптерді ерте анықтап, қажет тексерулерді уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді. Денсаулықтағы қауіптер ерте анықталады

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медициналық тексеру барысында оқушының денсаулығына қатысты қауіп факторлары немесе көрсеткіштеріндегі өзгерістер анықталса, бұл ақпарат әрі қарай бақылау жүргізу немесе медициналық көмек көрсету үшін тиісті мамандарға жолданады.

Ведомство жаңа модельдің басты мақсаты – денсаулықтағы ықтимал ауытқуларды ерте кезеңде анықтап, алдын алу шараларын дер кезінде қабылдау екенін атап өтті.

Сонымен қатар мектеп медицина қызметкерлерінің міндеті тек профилактикалық тексерулермен шектелмейді. Олар аурулардың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау және МСАК ұйымдарымен бірлескен жұмысты үйлестірумен де айналысады.

«Саламатты мектеп» жобасы іске қосылады

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және профилактика мәдениетін дамытуға бағытталған «Саламатты мектеп» жобасын әзірледі.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа модель мектеп медицинасын цифрлық әрі профилактикаға негізделген жүйеге көшіруге мүмкіндік береді. Соның арқасында дәрігерлер оқушының денсаулығын бір реттік тексерумен ғана емес, уақыт өте келе оның жағдайындағы өзгерістерді де бақылап отыра алады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram