10 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Кейбір өңірлерде жел күшейеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Аптап ыстық 41 градусқа дейін жетеді
Синоптиктердің болжамынша, елдің көп бөлігінде жоғары температура сақталады.
Ең жоғары ауа температурасы:
- Қызылордада – +39…+41°C;
- Түркістанда – +38…+40°C;
- Шымкент пен Атырауда – +37…+39°C;
- Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау және Таразда – +36…+38°C;
- Астанада – +34…+36°C;
- Алматыда – +33…+35°C болады.
Ал ең салқын ауа райы Оралда болжанып отыр. Мұнда күндіз ауа температурасы +28…+30°C шамасында болады.
Кей өңірлерде жел күшейеді
Жауын-шашын республиканың басым бөлігінде күтілмейді. Дегенмен бірқатар өңірлерде желдің екпіні күшейеді.
Атап айтқанда:
- Ақтөбе облысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді;
- Қостанай мен Түркістан облыстарында – 15–20 м/с;
- Ақтау, Атырау, Қонаев және Петропавлда желдің жылдамдығы 9–14 м/с болады.
Синоптиктер күннің ыстық уақытында мүмкіндігінше көлеңкеде болып, сұйықтықты көбірек тұтынуға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береді.
