Басты бет / Жаңалықтар /
Ақша, теңге, қаржы, жалақы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Атырауда құбыр ауыстыруға бөлінген қаржыны жымқырған 5 адам сотталды

Атырау қаласының №2 соты құбырды ауыстыру жобасын іске асыру кезінде алаяқтық жасаған бес адамға үкім шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Олар квазимемлекеттік сектордың қаражатын жымқырғаны үшін бес жылдан алты жыл сегіз айға дейін бас бостандығынан айырылды.

Тергеу: күдіктілер тендерге заңсыз ықпал еткен

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылардың бірі қызметтік өкілеттігін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жеткен мердігер ұйымның жұмысын бейресми бақылауда ұстаған.

Тергеу мәліметінше, ол тапсырыс беруші ұйым басшысының орынбасарымен, мердігер компания қызметкерлерімен және авторлық қадағалау өкілімен алдын ала сөз байласқан. Олар жобаға заңсыз өзгерістер енгізу арқылы ірі көлемдегі бюджет қаражатын иемденген.

Ұйымдастырушы алты жыл сегіз айға сотталды

Сот айыпталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, хат алмасуларымен және сараптама қорытындыларымен толық дәлелденген деген қорытындыға келді. Сот үкімімен:

  • ұйымдастырушы С.алты жыл сегіз айға;
  • К., М. және И. – әрқайсысы алты жылға;
  • А.бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар зардап шегуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok