Басты бет / Жаңалықтар /
Спорт, қала, велосипец
Иллюстрация: Dribbble.com ©okto—digital

Спорт күні: Алматыда қандай жарыстар мен фестивальдер өтеді?

Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл мерекеге орай Алматыда тамыз бойы халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі спорттық жарыстар, отбасылық фестивальдер мен тегін жаттығулар ұйымдастырылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қандай іс-шаралар ұйымдастырылады?

Мерекелік бағдарлама аясында кәсіби спортшылар мен әуесқойларға арналған түрлі жарыстар мен фестивальдер өтеді. Олардың қатарында:

  • жоғары оқу орындары командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты;
  • Денсаулық және спортқа арналған отбасы фестивалі;
  • Медиабаскет лигасы;
  • 3×3 баскетболдан Қазақстан чемпионатының финалы;
  • Gran Fondo World Championship Qualifier халықаралық веложарысының іріктеу кезеңі;
  • жасөспірімдер арасындағы Roland Garros Juniors халықаралық теннис турнирі;
  • есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының IV спартакиадасы.

Тегін жаттығулар ұйымдастырылады

Алматы тұрғындары үшін Almaty Move жобасы жалғасады. Жоба аясында кәсіби жаттықтырушылардың қатысуымен тегін спорт жаттығулары өткізіледі.

Іс-шаралар кімдерге арналған?

Спорт басқармасының мәліметінше, мерекелік бағдарлама кәсіби спортшыларға ғана емес, спортпен жаңадан айналыса бастаған тұрғындарға, балаларға және отбасыларға да арналған.

Ведомствоның айтуынша, мұндай іс-шаралар бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қала тұрғындары мен қонақтарының белсенді демалуына мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram