Басты бет / Жаңалықтар /
телефон, әлеуметтік желілер, қоңырау, инстаграм, телеграм
Фото: Ерқанат Аманкел

Meta-ға 942 млн доллар төлеу міндеттелді: Facebook пен Instagram-да не өзгереді?

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы сот Facebook пен Instagram иесі Meta Platforms компаниясын балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына келтірілген зиянға байланысты жалпы көлемі 942 миллион доллар болатын төлем жасауға міндеттеді. Компанияға кәмелетке толмаған пайдаланушылар үшін қауіпсіздік талаптарын күшейту жүктелді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Сот қандай шешім қабылдады?

Сот шешіміне сәйкес, Meta 567 миллион доллар көлемінде арнайы қор құруға тиіс. Бұл қаражат жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау және алдын алу бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталады.

Аталған сома бұған дейін алқабилер белгілеген 375 миллион доллар азаматтық айыппұлға қосылады. Осылайша компанияның осы іс бойынша жалпы қаржылық міндеттемесі 942 миллион долларға жетті.

Facebook пен Instagram-да қандай өзгерістер болады?

Сот Meta-ны Нью-Мексико штатындағы кәмелетке толмаған пайдаланушылар үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге міндеттеді. Атап айтқанда:

  • жасөспірімдерге арналған аккаунттарды қорғау тетіктерін күшейту;
  • жас ерекшелігін анықтау жүйесін жетілдіру;
  • түнгі уақытта push-хабарламаларды шектеу;
  • кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты қосымша қорғаныс функцияларын енгізу.

Компания сотқа талаптардың орындалуы жөнінде тұрақты есеп беріп отыруға тиіс.

Meta шешіммен келіспейді

Meta сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, оған апелляциялық шағым түсіретінін хабарлады. Компания өз мәлімдемесінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында көптеген шара қабылдағанын және өз ұстанымын сотта қорғайтынын айтты.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook