Басты бет / Жаңалықтар /
көлік, жүргізуші, кептеліс
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлерді сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Қазақстанда жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындап, елдің түрлі өңірлеріне сатып келген заңсыз схеманың ұйымдастырушысы ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жалған нөмірлер Ресейден жеткізіліп отырған

Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін заңсыз дайындау және тарату арнасын анықтады.

Тергеу мәліметінше, күдікті Алматыда жүйелі түрде жалған мемлекеттік нөмірлерді дайындап, сатумен айналысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жөнелтілген.

Тергеу жалғасып жатыр

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері мен іске қатысты басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтау бағытында тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті. Ведомство мұндай заңбұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram