Басты бет / Жаңалықтар /
Абай Құнанбайұлы ескерткіші, Республика сарайы, Алматы қаласы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Абай күніне орай концерттер мен әдеби кештер өтеді

Алматыда Абай күніне орай әдеби, мәдени және ағартушылық бағыттағы ондаған іс-шара ұйымдастырылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары концерттерге, поэзия кештеріне, дәрістерге, кітап көрмелеріне, шығармашылық кездесулерге және арнайы жобаларға қатыса алады.

«Абай әлемі» концерт-спектаклі өтеді

Мерекелік бағдарламаның басты оқиғаларының бірі – 8 тамыз күні сағат 18:00-22:00 аралығында «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңда өтетін «Абай әлемі» концерт-спектаклі болмақ. Іс-шара Almaty Summer Fest жобасы аясында ұйымдастырылады.

Қойылымнан кейін мерекелік концерт өтеді. Сахнада Мақпал Жүнісова, Жанар Дуғалова, 6ellucci, KeshYou, Асхат Тарғын, IL Canto квартеті, Талғат Күзембаев, Ерлан Біләл, Нұрлыбек Нағметов, Серік Исахан, Нұрлан Бердібаев, Біржан Демеұлы, ISATAY, сонымен қатар «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері, «АЛАТАУ» ансамблі және Медеу ауданының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Ал 10 тамыз сағат 08:30-да Абай алаңында қала әкімдігі өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым қатысатын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді.

Қала бойынша ондаған мәдени іс-шара ұйымдастырылады

7-10 тамыз аралығында Алматының кітапханалары, музейлері, мәдениет үйлері мен шығармашылық орталықтарында поэзия кештері, дәрістер, мәнерлеп оқу байқаулары, әдеби-музыкалық бағдарламалар және шығармашылық кездесулер өтеді.

Бағдарлама аясында:

  • 7 тамызда – «Абай оқулары – 2026» поэзия кеші, абайтануға арналған дәрістер, әдеби кездесулер мен шеберлік сабақтары;
  • 8 тамызда – Наурызбай ауданында «Абай өлеңдері» акустикалық кеші;
  • 10 тамызда – кітапханалардағы әдеби кештер, мектеп оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу байқауы, дөңгелек үстелдер, «Жағалаудағы Абай» инсталляциялық жобасының таныстырылымы және №6 Оқушылар үйінің аумағында Абай шығармашылығына арналған арт-галерея өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шаралардың негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттап, жастардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram