Қазақстан азаматтары алдағы сайлауда дауыс беретін учаскесінің нөмірі мен мекенжайын бірнеше цифрлық сервис арқылы алдын ала тексере алады. Ол үшін ЖСН мен тұрғылықты өңірді көрсету жеткілікті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Сайлау учаскесін үш сайт арқылы тексеруге болады
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, азаматтарға ыңғайлы болу үшін бірден үш онлайн-сервис іске қосылған.
Сайлаушы көрсетілген сервистердің кез келгеніне кіріп, өз өңірін таңдап, ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірін және нақты мекенжайын біле алады. Онлайн-сервистер:
eGov Mobile арқылы да анықтауға болады
Сайлау учаскесін eGov Mobile қолданбасы арқылы да тексеруге болады. Ол үшін қолданбадағы «Танымал қызметтер» бөліміне кіріп, тиісті сервисті пайдалану қажет. Жүйе ЖСН енгізілгеннен кейін сайлау учаскесінің нөмірі мен дауыс беру орнының мекенжайын көрсетеді.
