7 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Елдің оңтүстігінде ауа температурасы қайтадан +40 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс және солтүстік-шығыстың жекелеген өңірлерінде ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +26…+28.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +32…+34.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +35…+37.
Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +32…+34.
Атырауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +35…+37.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19…+21, күндіз +33…+35.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +27…+29.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +21…+23.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +33…+35.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +25…+27.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +37…+39.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +23…+25.
Семейде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +28…+30.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +33…+35.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +34…+36.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +38…+40.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +32…+34.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +28…+30.
