7 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Қай 7 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда елдің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.
Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
Синоптиктер болжамынша:
- елдің шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер мен бұршақ күтіледі;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады;
- республиканың қалған бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Жел күшейіп, кей өңірлерде шаңды дауыл соғады
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Ал түнгі және таңғы уақытта еліміздің батысы мен солтүстігінің жекелеген аудандарында тұман түседі.
Қай өңірлерде күн ысиды?
7 тамызда бірқатар облыста аптап ыстық сақталады:
- Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Жетісу және Ұлытау облыстарында күндіз ауа температурасы +35…+38°C-қа дейін көтеріледі;
- Маңғыстау облысында +38…+40°C;
- Түркістан және Қызылорда облыстарында +40°C-қа дейін ысиды.
Өрт қаупі сақталады
«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
