Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтарына жайлы өмір сүру үшін айына қанша табыс қажет екенін білді. Сауалнамада көп жалақы мөлшері мен азаматтардың жеке пікірі ескерілген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 461 486 теңге, ал медиана жалақы мөлшері 331 527 теңге болды.
- Барлық жұмыскердің табысы осы медиана жалақысы сомасынан жоғары және төмен болып екіге бөлінеді.
Дегенмен әр азаматтың жайлы өмір сүруге жеткілікті табысы туралы жеке түсінігі бар. Осыған орай, ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтары арасында сауалнама жүргізіп, бір адамға ай сайын қанша табыс жеткілікті екенін сұрап, сауалнама жүргізген.
Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 28,5%-ы бір адамға айына 260 мыңнан 320 мың теңгеге дейінгі табыс жеткілікті деп есептейді.
Бұдан өзге қатысушы мынадай жауаптарды таңдаған:
- 400 001–500 000 теңге — 18,4%;
- 150 001–200 000 теңге — 12,7%;
- 320 001–400 000 теңге — 11,7%.
Ал респонденттердің 3,6%-ы айына 500 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін табыс қажет деп санаса, респонденттердің 7,2%-ы бір адамға айына 600 мың теңгеден артық табыс керек екенін айтқан.
Сонымен бірге сауалнамаға қатысқандардың арасында айына 80 мың теңгеден аз табыс жеткілікті деп есептейтіндер де болды. Алайда мұндай пікірді респонденттердің небәрі 0,1%-ы білдірген.
Қорытынды бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 58,6%-ы бір адамға айына 260 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі табыс жайлы өмір сүруге жеткілікті деген пікір айтқан.
Сауалнама барысында азаматтардың қаржы жағдайына қанағаттану деңгейі де анықталды. Респонденттердің 38,2%-ы қаржы жағдайына толық қанағаттанатынын айтса, 59,6%-ы ішінара қанағаттанатынын жеткізген. Ал 0,5%-ы қаржы жағдайына көңілі толмайтынын мәлімдеген.
Кейінгі ресми деректер бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табыс — айына 252 619 теңге.
***
Тағы оқыңыз:
