Басты бет / Жаңалықтар /
Абай даңғылы, көлік, жол, автожол, көше, Алматы қаласы, Алматы таулары
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматы – Тараз» автожолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша өзгереді

7 тамыздан бастап Жамбыл облысындағы «Алматы – Тараз (Жаңа Қордай асуы)» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қозғалысқа қандай шектеу енгізіледі?

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 159–238 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жөндеу аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз бағытына қарай көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Айналма жол қай бағытпен өтеді?

Жөндеу жұмыстары кезінде Алматыдан Таразға қатынайтын көлік құралдары «Отар – Қордай – Қайнар» (Ескі Қордай асуы) автожолы арқылы бағытталады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға және жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта барынша мұқият болуға шақырды. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok