Басты бет / Жаңалықтар /
Қайсар Қамза
Фото: t.me/ Kozachkov offside

Виетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза Қазақстанға жеткізілуі мүмкін

Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Виетнамның Камрань әуежайында байқалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, ол Қазақстанға қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкерінің алып жүруімен ұшып кеткен.

Блогерге қандай күдік тағылып отыр?

Тергеу нұсқасы бойынша, Қайсар Қамза Pin-Up брендімен байланысты жабық Telegram-арна арқылы Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноны насихаттауға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, аталған арнаның пайдаланушылары Қазақстан аумағында тыйым салынған құмар ойын сайттарына бағытталып отырған. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін блогер Қазақстаннан кетіп қалған.

Виетнамда ұсталған

2026 жылғы сәуір айында Қайсар Қамза Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы негізінде Виетнамда ұсталған болатын.

Айта кетейік, қазір қаржылық мониторинг агенттігі немесе бас прокуратура Қайсар Қамзаның Қазақстанға экстрадицияланғаны туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ. Жоғарыдағы мәлімет Михаил Козачков жариялаған ақпарат пен куәгерлердің сөзіне негізделген.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok