Басты бет / Жаңалықтар /
қылмыс
Видео скрині

«Кипрден пәтер алып беремін». 100 млн теңгелік алаяқтыққа күдікті Қазақстанға қайтарылды

Қазақстан азаматы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кипрден пәтер алып беремін деп 100 млн теңгеден астам қаржы алған

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрден пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен Қазақстан азаматшасының 100 миллион теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.

Қылмыс жасалғаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Күдікті Грузияда ұсталды

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2026 жылғы маусымда Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның экстрадициялау туралы сұрауы негізінде елге қайтарылған.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok