Басты бет / Жаңалықтар /
сусын, азық-түлік
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% көп. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өндіріс пен импорт көлемі артты

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ішкі нарықтағы өткізу көлемі 1,7 млрд литрге жетіп, бір жылда 21% өскен. Сонымен қатар алкогольсіз сусындардың импорты 29,6% артып, 217,1 млн литр болды. Нәтижесінде импорттық өнімнің ішкі нарықтағы үлесі 11,4% болды.

Экспортта Қырғызстан көш бастап тұр

Статистика бойынша, экспорттың негізгі бөлігін қант немесе басқа тәттілендіргіштер, сонымен қатар хош иістендіргіш және дәмдік қоспалар қосылған сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар. Есепті кезеңде бұл өнімнің экспорты 172,8 млн литрге жетіп, ақшалай көлемі 75,5 млн АҚШ доллары болады.

Алкогольсіз сусын экспортталған негізгі елдер:

  • Қырғызстан – 94,9 млн литр;
  • Өзбекстан – 48,3 млн литр;
  • Ресей – 23,5 млн литр;
  • Тәжікстан – 2,9 млн литр;
  • Моңғолия – 930,2 мың литр;
  • Армения – 548,5 мың литр;
  • Грузия – 393,5 мың литр;
  • Әзербайжан – 342,1 мың литр;
  • Корея Республикасы – 171,5 мың литр.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірумен 145 кәсіпорын айналысқан.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram