Басты бет / Жаңалықтар /
ауа райы, жаңбыр, жасөспірім, студент
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Қазақстанда 6 тамызда қай өңірлерде жаңбыр жауады?

6 тамызда Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжамынша, Астана, Алматы, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Астана – түнде +16…+18, күндіз +26…+28;
  • Алматы – +17…+19, күндіз +29…+31;
  • Павлодар – +16…+18, күндіз +25…+27;
  • Петропавл – +13…+15, күндіз +24…+26;
  • Семей – +16…+18, күндіз +26…+28;
  • Өскемен – +18…+20, күндіз +28…+30;
  • Ақтау – +23…+25, күндіз +28…+30.

Оңтүстікте +38 градусқа дейін ыстық болады

Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ең жоғары температура Қызылордада тіркеледі – күндіз +36…+38 градус. Сонымен қатар:

  • Түркістанда – +34…+36;
  • Таразда – +33…+35;
  • Шымкентте – +32…+34;
  • Атырауда – +33…+35;
  • Қонаевта және Талдықорғанда – +31…+33;
  • Оралда және Жезқазғанда – +31…+33;
  • Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау және Қостанайда – +26…+30 градус аралығында болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook