Басты бет / Жаңалықтар /
құрғақшылық
Фото: Depositphotos.сom

Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

Биыл тамыз айында Қазақстанның жеті өңіріндегі бірқатар ауданда атмосфералық құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде болуы мүмкін:

  • Батыс Қазақстан облысы – Бөкей Орда және Жәнібек аудандары;
  • Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары;
  • Атырау облысы – Құрманғазы ауданы;
  • Алматы облысы – Балқаш ауданы;
  • Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандары;
  • Түркістан облысы – Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандары;
  • Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласы.

Қалған өңірлердегі жағдай қандай?

«Қазгидромет» мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа райы бірқалыпты ылғалды болады.

Ал еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайы климаттық нормаға жуық деңгейде болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram