Басты бет / Жаңалықтар /
c81e728d9d4c2f636f067f89cc14862c Тойда әншілерді "шайтанның азаншысы" деген уағызшы қамауға алынды
abdr. Фото концерт репетициясынан. Дереккөз: Coca Cola Қазақстан

Тойда әншілерді «шайтанның азаншысы» деген уағызшы қамауға алынды

Түркістан облысында тойдағы құттықтау сөзінде музыканы харам деп, әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Күдікті қамауға алынды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға байланысты Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынына қатысты діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады полиция.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Қылмыстық іс қозғалған

Еске салайық, Жетісайдағы тойда түсірілген видеода ер адам музыканы харам деп атап, әншілерді «шайтанның азаншысы» деп сипаттаған. Сонымен қатар ерлер мен әйелдердің тойда бірге отыруына қатысты пікір білдірген.

Оқиға қоғамда кең талқыланып, кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай сөздерге қатысты мәлімдеме жасап, өнер өкілдерін жалпылама айыптау мен адамдардың ар-намысын қорлайтын пікірлерге жол берілмейтінін атап өткен.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook