Басты бет / Жаңалықтар /
құтқарушылар, ТЖМ, Алматы таулары
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы тауларында туристің үстіне тас құлап, ауыр жарақат алды

Алматы облысының тауларында жорық кезінде туристің үстіне тас құлап, ол ауыр жарақат алды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды таудан эвакуациялап, дәрігерлерге тапсырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Туриске алғашқы көмек көрсетілді

Оқиға Талғар шатқалында, теңіз деңгейінен 2 970 метр биіктікте болған.

Алматы қаласы әкімдігінің мониториң және жедел әрекет ету орталығы мен «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары оқиға орнына шұғыл жеткен. Олар туристі тауып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен және оның жағдайын ауыр деп бағалаған.

Эвакуацияға еріктілер де қатысты

Құтқарушылар зардап шеккен адамды күрделі таулы жер бедері арқылы Кіші Талғар асуына қарай алып шыққан. Кейін оларға Алматы қаласы альпинизм федерациясының еріктілері қосылып, эвакуация жұмыстары «Шымбұлақ» тау курортына дейін жалғасқан.

Одан кейін турист апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылып, әрі қарай қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram