Басты бет / Жаңалықтар /
тойдағы уағыз
Видео скрині

Жетісайдағы тойдағы даулы уағыздан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жетісайдағы тойда түсірілген видео әлеуметтік желілерде кең тарағаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция қылмыстық іс қозғады

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониториңдеу барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария сөздері жазылған бейнежазба анықталған.

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, – делінген ІІМ хабарламасында.

Министрлік Қазақстан Конституциясы барлық азаматтың жынысына, тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де белгілеріне қарамастан тең құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретінін еске салды.

Сонымен қатар ведомство адамның ар-намысын қорлауға, діни, әлеуметтік немесе өзге де белгілері бойынша кемсітуге бағытталған жария үндеулерге, сонымен бірге қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті.

Дауға не себеп болды?

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісайдағы тойда түсірілген видео кеңінен тараған болатын. Онда қалыңдықтың туысы музыкаға, өнер адамдарына және ерлер мен әйелдердің тойда бірге отыруына қатысты пікір білдірген.

Атап айтқанда, ол музыкадан бас тарту қажеттігін айтып, ерлер мен әйелдердің бөлек отыруға тиіс екенін мәлімдеген. Сонымен қатар әншілерге қатысты «шайтанның жаршылары» деген тіркес қолданған.

Оқиға қоғамда қызу талқыланып, кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өнер өкілдерін жалпылама айыптауға болмайтынын мәлімдеген еді. Енді аталған оқиға бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok