Басты бет / Жаңалықтар /
Микрофон, музыка, ән айту

«Музыка – харам, әншілер – шайтанның азаншысы». Тойдағы даулы уағыздан кейін ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әлеуметтік желіде кең тараған тойдағы даулы уағызға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мүфтият: Өнер өкілдерін жалпылама айыптауға болмайды

ҚМДБ ислам діні адамдарды даналықпен насихат айтуға, өзгені ауыр сөзбен айыптамауға және әр адамның ар-намысына құрметпен қарауға үндейтінін атап өтті.

Сондықтан қандай да бір діни мәселеге қатысты өнер өкілдерін жалпылама айыптау немесе оларға ауыр сипаттама беру дұрыс емес. Сонымен қатар аналарымызды, қыз-келіншектерді бейәдеп сөзбен кемсіту де өрескел қателік деп санаймыз, – делінген мәлімдемеде.

Қандай әндерге рұқсат беріледі?

Мүфтияттың мәліметінше, адамды арсыздыққа, азғындыққа және шариғат тыйым салған әрекеттерге үндейтін әндерді ислам құптамайды.

Сонымен қатар ислам ғалымдарының пікіріне сәйкес, дін мен дәстүрдің асыл құндылықтарын дәріптейтін, Отанды қорғауға, ата-ананы құрметтеуге, адамгершілік пен ізгілікке шақыратын әндерді орындауға рұқсат етіледі.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде бір ер адамның тойда «еркектер мен әйелдердің бірге отыруы дұрыс емес» екенін айтып, әншілерді «шайтанның азаншысы» деп сипаттаған видеосы тараған болатын. Бұл жазба қоғамда қызу талқыланды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook