Басты бет / Жаңалықтар /
жылқышы қария
Видео скрині

100 жылқы ұрлады деп сотталған қарияға кәсіпкер пәтер сыйлады

Ақтөбеде 33 жыл бойы шаруа қожалығында жылқы бағып, кейін сот дауына тап болған Рахат Сәрсембаевқа пәтердің кілті табысталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жылқышының ісі қоғамда үлкен резонанс тудырған еді

Айта кетейік, Рахат Сәрсембаев бұған дейін 100 жылқыны жымқырды деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда апелляциялық сот істі қайта қарап, айыпты жеңіл бапқа қайта саралап, рақымшылық туралы заңды қолданып, оны сот залынан босатқан.

Іқоғамда кең талқыланып, көпшілік жылдар бойы еңбек еткен жылқышының тағдырына алаңдаушылық білдірді.

Отбасының айтуынша, осы оқиғалардан кейін денсаулығы сыр берген қария инсульт алып, сөйлеуден қалған. Сонымен қатар шаруа қожалығының иесі оған берілген баспананы қайтарып алмақ болғаны да хабарланған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Кәсіпкер пәтер сыйлады

Бүгін ақтөбелік кәсіпкер, құрылыс компаниясының иесі Азамат Усимбеков Рахат Сәрсембаевқа жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Осылайша көпшіліктің назарын аударған оқиғадан кейін ұзақ жыл жылқы баққан қария жаңа баспанаға ие болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook