Басты бет / Жаңалықтар /
көше, жаңбыр, қала, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанның көп өңірінде жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін

«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көп өңірде жаңбыр жауады

Мамандардың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және оған ілесе келген атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді.

Соның әсерінен елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік және орталық аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Ауа температурасы төмендейді

Жауын-шашынмен бірге ауа температурасы да төмендейді.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы +22…+27 градус шамасында болады.

Ал шығыс өңірлерде соңғы күндері сақталған аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, ауа температурасы +33…+38 градустан +27…+32 градусқа дейін төмендейді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram