Тараздың 25 жастағы тұрғыны BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қауіпті маневр камераға түсіп қалған
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігінің жолда қауіпті дрифт жасағаны тіркелген.
Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны ұстаған. Ол Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот 10 тәулікке қамауға алды
Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін жүргізуші сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция автожолдарда дрифт жасау және өзге де қауіпті маневрлер жол қозғалысына қауіп төндіретінін еске салып, мұндай әрекеттер үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік, оның ішінде әкімшілік қамау қарастырылғанын атап өтті.
