Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарын баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Биыл қала әкімдігі осы санаттағы азаматтарға кейіннен беру үшін 6 353 пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.
2 700-ден астам пәтер тапсырылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, бүгінде 2 717 пәтер уәкілетті органның теңгеріміне берілген. Тағы 640 пәтерді қабылдау жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысандар бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған.
Жоспарланған барлық 6 353 пәтерді биылғы жылдың соңына дейін тапсыру көзделіп отыр.
2 мыңнан астам әлеуметтік пәтер салынып жатыр
Сонымен қатар Қазақстанның 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жалғасып жатыр.
Қазір қалада 2 246 пәтерге арналған 29 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 1 366 пәтерді қамтитын 17 тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталған. Оның жетеуі Қалқаман-2 шағынауданында, ал оны Жас Қанат шағынауданында орналасқан. Қазір пайдалануға дайын үйлердің техникалық паспорттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 880 пәтерге арналған қалған 12 тұрғын үйді Жас Қанат шағынауданында 2027 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланған, — делінген хабарламада.
