Басты бет / Жаңалықтар /
автокредит
Фото: Depositphotos.com

Азаматтарды автокредитке алдаған қылмыстық топ 8 жылға дейін сотталды

Астанада азаматтарды автокредит рәсімдеуге алдап көндіріп, қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыстық топқа сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

165 автокөлік рәсімделген

Прокуратураның мәліметінше, сотта қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адамның болғаны және олардың әрқайсысының нақты міндеттері болғаны анықталды.

Олар азаматтарға 1–2 млн теңге көлемінде сыйақы берілетінін айтып, автокредит рәсімдеуге көндірген. Сонымен қатар несие төлемдерін өздері өтейтіндерін уәде еткен. Алайда рәсімделген автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылған.

100-ден астам адам жәбірленуші деп танылды

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, олардың атына 165 автокөлік рәсімделген.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны, қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны және алаяқтық жасағаны үшін айыпталушылар бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын қанағаттандырды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram