Басты бет / Жаңалықтар /
әскери техника, танкі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Тамыз-қыркүйекте Қазақстан жолдарында әскери техника жүреді

Қазақстанда «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуына дайындық аясында әскерлерді қайта орналастыру басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тамыз-қыркүйек айларында қару-жарақ, әскери техника және жеке құрам жауынгерлік даярлық өтетін аудандарға кезең-кезеңімен жеткізіледі.

Әскерлер қалай тасымалданады?

Министрліктің хабарлауынша, әскерлерді тасымалдау аралас тәсілмен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

  • теміржол эшелондары арқылы;
  • жалпыға ортақ автожолдармен жүретін әскери автоколонналар арқылы;
  • майдандық және армиялық авиация көмегімен.

Қорғаныс министрлігі қандай үндеу жасады?

Оқу-жаттығу барысында құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте әскерлердің бірлескен іс-қимылы пысықталады.

Осыған байланысты қорғаныс министрлігі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram