Басты бет / Жаңалықтар /
3d83425647f94d076c6715a627e741b6 Жолда заңсыз әрекет жасап, желіге жариялаған мотоциклист 10 тәулікке қамалды

Жолда заңсыз әрекет жасап, желіге жариялаған мотоциклист 10 тәулікке қамалды

Алматыда әлеуметтік желіге қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, былапыт сөздер айтқан видеосын өзі жариялаған мотоциклист 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

Видеоны өзі жариялаған

Полицияның хабарлауынша, бейнероликте мотоциклист қоғамдық тәртіпті бұзып, жол қозғалысының өзге қатысушыларын арандатып, әрекеттерін былапыт сөздермен сүйемелдеген. Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталып, оның Алматының 39 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Сот 10 тәулікке қамауға алды

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Алматы полициясы әлеуметтік желіде заңға қайшы әрекеттерді жариялау жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.

Керісінше, мұндай материалдар тексеру жүргізуге және заңда көзделген шараларды қабылдауға негіз болады, – деп мәлімдеді полиция.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok