Басты бет / Жаңалықтар /
Ұшақ, авиация, әуе компаниялары
Фото: Reuters.com

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа әуе бағыттары ашылады

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа тұрақты әуе бағыттарын ашу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, басшылық Urumqi Airlines әуе компаниясының өкілдерімен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Қандай жаңа рейстер ашылуы мүмкін?

Қытай тарапы төмендегі бағыттар бойынша тұрақты рейстерді іске қосуға дайын екенін мәлімдеді:

  • Үрімші – Қарағанды;
  • Құлжа (Инин) – Астана;
  • Құлжа (Инин) – Алматы.

Қазақстан тарапы рейстер географиясын одан әрі кеңейтуді ұсынып, Өскемен мен Семейге, сонымен қатар болашақта Зайсан және Катонқарағайдағы жаңа өңірлік әуежайларға ұшуды қарастыруды ұсынды.

Министрліктің мәліметінше, бұл бастама туризмді дамытуға, көлік қолжетімдігін арттыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Бірлескен әуе компаниясын құру жоспары талқыланды

Кездесу барысында тараптар Қытайда өндірілетін COMAC C909 ұшақтарын пайдалана отырып, өңірлік тасымалдарды жүзеге асыратын бірлескен әуе компаниясын құру мәселесін де талқылады.

Жоба жүзеге асқан жағдайда жаңа әуе компаниясы Зайсан, Катонқарағай және туристік әлеуеті жоғары өзге де өңірлерге тұрақты рейстер орындай алады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok