Басты бет / Жаңалықтар /
ef534445c84e9cd0d1ecca55cea19f31 Coca-Cola Қазақстан табиғатынан шабыт алған Fuse Tea құтыдағы сусындарының шектеулі топтамасын ұсынды
Фото: Coca-Cola

Coca-Cola Қазақстан табиғатынан шабыт алған Fuse Tea құтыдағы сусындарының шектеулі топтамасын ұсынды

«Сенің әлемің. Сенің Fuse Tea» ұранымен жарық көрген бұл топтама әр адамның өзіндік таңдауы мен даралығын, сонымен қатар дәстүр мен заманауи өмір салтының үйлесімін бейнелейді. Шектеулі сериядағы құтылардың дизайны Қазақстанның сан алуан мәдениетінен, табиғи ландшафттарынан, сәулет өнері мен заманауи қала эстетикасынан шабыт алған.

Топтама тұжырымдамасы fusion философиясына негізделген. Бұл – дәм, стиль, дәстүр және заманауи үрдістердің үйлесімді үндесуін білдіреді. Қазақстан бай мәдени мұрасы мен қазіргі өмірдің қарқынды ырғағын ұштастырғаны сияқты, Fuse Tea де шай мен жеміс дәмдерін үйлестіріп, сергітетін әрі ерекше сусын ұсынады.

Арнайы топтама еліміздің әр өңіріне арналған бес бірегей құты дизайнын қамтиды. Олар Алматы, Астана, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанға арналған. Әр дизайн өз өңірінің ерекшелігін заманауи иллюстрациялар, көпшілікке таныс табиғи және сәулеттік нысандар, сонымен бірге жергілікті визуалды мәдениеттің элементтері арқылы айшықтайды.

f935deabe1092d72ced14e282bd2ef80 Coca-Cola Қазақстан табиғатынан шабыт алған Fuse Tea құтыдағы сусындарының шектеулі топтамасын ұсынды
Фото: Coca-Cola

Барлық құты бірігіп, Қазақстанды бейнелейтін біртұтас топтаманы құрайды. Осылайша, қарапайым қаптама елімізге арналған өзіндік көрнекі саяхатқа айналады. Әр құты өз тарихын баяндайды, ал тұтас топтама әр адамның өзінің жеке Fuse Tea әлемін қалыптастыруға шақырады.

«Сенің әлемің. Сенің Fuse Tea» ұраны науқанның негізгі идеясын айқындайды: әркім өз әлеміне үндес дәмнің, шабыттың және көңіл-күйдің мінсіз үйлесімін таба алады.

Fuse Tea сусындарының шектеулі топтамасы қазір Қазақстанның барлық өңірінде сатылымда бар.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok