6 тамыздан бастап Қазақстан кинотеатрларында «Өрмекші адам: Жаңа күн» (Spider-Man: Brand New Day) фильмі көрсетіле бастайды. Көрермендер туындыны қазақ тіліндегі дубляжбен де тамашалай алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жаңа фильмде оқиға алдыңғы бөлімнен кейінгі кезеңді баяндайды. Әлем Питер Паркерді ұмытқаннан кейін ол Нью-Йоркті қорғауды жалғастырып, Өрмекші адам ретінде толыққанды өмір сүреді. Алайда оның өмірінде күтпеген өзгерістер болып, жаңа әрі қауіпті қарсылас пайда болады.
Фильм режиссері – Дестин Дэниел Креттон. Басты рөлдерді Том Холланд, Зендея, Сэди Синк, Джейкоб Баталон, Джон Бернтал, Трамелл Тиллман, Майкл Мандо және Марк Руффало сомдайды.
Фильм халықаралық прокатта алғашқы демалыс күндерінің өзінде 927 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, киноиндустрия тарихындағы ең табысты премьералардың біріне айналды.
Бұл нәтиже фильмді әлемдік бокс-офис тарихындағы ең сәтті екінші дебют ретінде тіркеді. Көш басында әлі де «Кек алушылар: Финал» (Avengers: Endgame) фильмі тұр. Оның алғашқы демалыс күндеріндегі жаһандық табысы – 1,2 миллиард доллар.
Ал Қазақстан кинотеатрларының афишасына сәйкес, фильм 6 тамыздан бастап көрсетіледі. Бірқатар кинотеатрда сеанстар қазақ тілінде (KZ) де ұсынылады.
