Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы, қала, саябақ, тау, ауа райы, Тұңғыш Президент саябағы
Алматы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыда саябақтар мен демалыс орындары жаңарып жатыр. Қандай нысандар дайын?

Алматыда қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламасы аясында биылғы алғашқы жартыжылдықта тоғыз нысандағы негізгі көркейту жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазір бұл аумақтарда соңғы әрлеу және түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қандай нысандар жаңартылды?

Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, пайдалануға дайындалған нысандар қатарында:

  • Достық даңғылы;
  • Пушкин көшесі;
  • Сайран көлінің жағалауы;
  • Геологтар аллеясы;
  • «Оңтүстік» саябағы;
  • Баум тоғайы;
  • FLOW PARK;
  • Республика алаңы;
  • «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығы алдындағы алаң бар.

Көркейту барысында жаяу жүргіншілер аймақтары жаңартылып, сыртқы жарықтандыру және автоматты суару жүйелері орнатылды. Сонымен қатар көгалдандыру жүргізіліп, балалар және спорт алаңдары, демалыс орындары мен шағын сәулеттік нысандар салынды.

Жыл соңына дейін қандай жобалар аяқталады?

Бағдарламаның келесі кезеңі аясында 2026 жылдың соңына дейін Тұңғыш президент саябағын қайта жаңғырту, сонымен қатар Тимирязев, Мәсанчи, Сейфуллин, Жароков, Жандосов, Розыбакиев, Сәтбаев көшелері мен Абай даңғылын көркейту жоспарланған. Ал Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры маңындағы скверді абаттандыру жұмыстары тамыз айының соңына дейін аяқталады. Бұдан бөлек, қалада балаларға арналған Ғылым музейінің құрылысы жүріп жатыр. Нысанды биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделген. Сонымен қатар Әуежай көлі аумағын қайта жаңғырту жобасы басталды. Онда тұрғындарға арналған заманауи демалыс аймағы жасалады, — делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, барлық нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы күн сайын бақылауда, бұл жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram