Басты бет / Жаңалықтар /
Freedom Bank
Фото: Freedom Bank

Freedom Bank бірден 3 халықаралық марапатқа ие болды

Freedom Bank халықаралық Euromoney Awards for Excellence 2026 сыйлығында бірден үш номинация бойынша жеңімпаз атанды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Банк мына аталымдарда үздік деп танылды:

  • Kazakhstan’s Best Retail Bank – Қазақстандағы үздік бөлшек банк;
  • Kazakhstan’s Best Digital Bank for Consumers – Қазақстандағы тұтынушыларға арналған үздік цифрлық банк;
  • Kazakhstan’s Best for Mortgages/Home Loans – Қазақстандағы ипотекалық несие беру саласындағы үздік банк.

Euromoney Awards for Excellence – әлемдегі беделді халықаралық қаржы басылымы Euromoney жыл сайын табыстайтын марапаттардың бірі.

Freedom Bank қандай жобаларымен ерекшеленді?

Freedom Bank – Freedom экожүйесінің негізінде құрылған Қазақстандағы цифрлық банк және Freedom Holding Corp. халықаралық қаржы холдиңінің құрамына кіреді.

2021 жылы банк Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Цифрлық ипотека» қызметін іске қосты. Бұл сервис клиенттерге ипотеканы бөлімшеге бармай-ақ толық онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беріп, өтінімді қарау мерзімін бірнеше аптадан бірнеше күнге дейін қысқартты. Банктің негізгі цифрлық өнімі – Freedom SuperApp. Қолданбада банк, брокерлік, сақтандыру, билет пен тур сатып алу, азық-түлік жеткізу және басқа да қаржылық әрі lifestyle сервистер біріктірілген.

2025 жылдың қорытындысында Freedom Bank-тің клиенттік базасы 1,4 миллионнан 4,5 миллион адамға дейін үш еседен астам өсті. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша Freedom SuperApp пайдаланушыларының саны 5,6 миллионнан асты.

Банк сонымен қатар шағын және орта бизнеске арналған Freedom Business мобайл қолданбасын дамытып келеді. Қолданбада 140-тан астам дауыстық пәрменді орындайтын AI-ассистент және GPT негізіндегі чат қызметі бар.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok