Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, өрт сөндіруші машина
Көрнекі сурет. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Елімізде бір апта ішінде ормандардан 30 рет өрт шықты

2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында ормандардан 30 рет өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өрттер қай жерде болды?

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше:

  • 21 өрт жергілікті атқарушы органдарға қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде;
  • төғыз өрт мемлекеттік орман қоры аумағында тіркелген.

Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы, «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорнының әуе патрульдеуі және орман өрттерін ерте анықтау жүйелері арқылы анықталған.

Өртті сөндіруге кімдер жұмылдырылды?

Өрттерді сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» авиациясы, әуе өрт сөндіру десанттары, сонымен қатар техника мен күштер тартылды.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттердің кең аумаққа таралуына жол берілмей, олардың барлығы қысқа мерзімде оқшауланып, сөндірілген, — делінген хабарламада.

Экология министрлігі тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok