Басты бет / Жаңалықтар /
Балқаш көлі
Фото: Gov.kz

Қазақстандағы ерекше көл: батысы тұщы, шығысы тұзды

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Балқаш көлі – әлемдегі табиғаты ерекше су айдындарының бірі. Оның басты ерекшелігі – көлдің бір бөлігінде тұщы су болса, ал екінші бөлігіндегі су тұзды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, Балқаш көлінің батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды. Мұндай ерекше табиғи құбылыс көлге құятын Іле өзені мен гидрологиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан.

Балқаштың осы бірегей экожүйесін 2018 жылы құрылған «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты қорғайды. Резерват аумағына Іле өзенінің сағасы, тоғайлы ормандар, сулы-батпақты алқаптар және шөлейтті табиғи кешендер кіреді.

Бұл өңір – жүздеген жануар мен құс түрінің мекені. Сондай-ақ мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер сақталған.

Іле-Балқаш өңірінің тағы бір тарихи ерекшелігі – бұл аумақ кезінде Тұран жолбарысының табиғи мекені болған. Қазір осы жерде жолбарысты тарихи таралу аймағына қайта жерсіндіруге бағытталған халықаралық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мамандардың айтуынша, Балқаштың бірегей табиғатын сақтау – биоалуантүрлілікті қорғап қана қоймай, табиғи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізудің маңызды бөлігі.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok